Шауып келе жатып жан тапсырған бәйге тұлпары шабандоз қыздың өмірін қиды
Мұндай жазатайым оқиғаның алдын алу немесе болжау мүмкін емес, дейді шабандоздың бастығы.
15:28 19.01.2019
Ұлыбританияда 22 жастағы шабандоз Наташа Галпин қыршынынан қиылды. Қайғылы оқиға кезінде қыз ат үстінде шауып келе жатқан. Қолқасы үзіліп кеткен жылқы құлап түседі. Салдарынан шабандоз ауыр жарақат алып, көз жұмды. Ат та жан тапсырған.
Шабандоз қыз жұмыс істейтін Iain Jardine Racing компаниясының мәліметінше, мұндай жазатайым оқиғаның алдын алу немесе болжау мүмкін емес, деп жазады Sky Sports.
«Бұл оқиғалар өте сирек кездессе де, шабандоз атқа мінген сайын басын қауіпке тігеді», — деп атап өтті британдық ат спорты ұйымының басшысы Ник Раст.
Галпин өте тәжірибелі шабандоз еді. 2017 жылы Шотландия мен Солтүстік Англия чемпионаттарында жеңіске жеткен. Ол әйгілі бапкермен бірге жұмыс істеп, ат өсірумен айналысатын.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!