Қайырымдылық қорының атын жамылып алаяқтық жасаған əйел ұсталды
Алматыда несие алып беремін деп елді алдаған əйел ұсталды.
17:25 19.01.2019
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, əйел адамдарға белгілі қор арқылы несие рəсімдеп беремін деп уəде беріп келген. Осы қызметі үшін ол қомақты ақша алып отырған. Бірақ уəделерінің ешқайсысын орындамаған. Қазірдің өзінде күдіктінің 7 эпизодқа қатысы бары анықталды.
54 жастағы Алматы облысының тумасы қазір уақытша оқшаулау орнына қамалды. Қазір ҚК 190-бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Полиция əйелдің алаяқтық əрекетінен жапа шеккен адамдар болса, 8-701-852-60-94; 8-747-200-08-56; 2-98-53-05 и 298-53-41 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!