ШҚО-да бойжеткен із-түзсіз жоғалып кетті
Жарма ауданында жұмысына кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен бойжеткенді іздестіріп жатыр.
11:30 21.01.2019
Қалбатау ауылының тұрғыны Айнұр Семсенова 14 қаңтар күні сағат 15.00 шамасында үйінен жұмысына қарай шығып кеткен деп жазады Алтайньюс. Алайда жұмыс орнына сол бойы жетпеген екен.
Бойжеткеннің хабар-ошарсыз кеткеніне алты күн болды. Айнұр Семсенова туралы қандай да ақпараттарыңыз болса, келесі телефон нөмірлері бойынша хабар берулеріңізде сұраймыз: +7 747 349 57 17, немесе 102. Ерекше белгілері: бойы 165-170 сантиметр, бетінде үлкен меңі бар. Жоғалған күні үстіне қою көк түсті күртке мен бас киім, аяғына қара түсті етік киіп жүрген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!