{metadescription}
Cәби бір аптадан бері 100 метрлік шұңқыр түбінде жатыр

Cәби бір аптадан бері 100 метрлік шұңқыр түбінде жатыр

Құтқарушылар балаға жете алмай отыр: шұңқырды кеңейтсе, сәбиді топырақ басып қалуы мүмкін.

Испанияның Малага қаласында көлемді арнайы операция жүргізіліп жатыр. Құтқарушылар тереңдігі 100 метр, ені 25 сантиметр ғана болатын шахтаға түсіп кеткен 2 жасар баланы шығара алмай жатқанына 7 тәулік болды.

Екі жасар бала серуендеп жүрген кезінде шахтаға құлап кеткен екен. Бейресми мәліметке сәйкес, жер учаскесінің иесі шұңқыр қазып, қоршауды ұмытып кетсе керек. Баланың ата-анасы күні-түні шахтаның жанынан кетпей, күтуде. Алайда, балақай ешқандай тіршілік нышанын білдірер емес. Әуелі жылаған дауысы естілген, кейін тыйылған.

Болжам бойынша, бүлдіршін 80 метр тереңдікте жатыр. Құтқарушылар шұңқырдың ауызын үлкейтуге жүрексініп, жанынан қосымша шұңқыр қазу арқылы құтқаруға тырысып жатыр.

Жергілікті ұсталар бүлдіршінге жету үшін лифт тәрізді құрылғы жасаған. Ол 20 қаңтар күні сынақтан өткізілді. Қолдан жасалған автокранды 33 метр тереңдікке түсіруге болады екен.  Құтқарушылар осы капсуланың көмегімен қалған топырақты жоғарыға көтермек.  Автокран бір дегенде 500 килограмм топырақ көтереді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде