Көп балалы ана босану кезінде қайтыс болды
Талдықорған қаласының 29 жастағы тұрғыны босану кезінде қайтыс болды.
17:06 21.01.2019
Әйелдің төрт баласы қалды. Оқиға туралы мәлімет әлеуметтік желілерден белгілі болды.
«Талдықорған қаласындағы перзентханада егіздерді туғаннан кейін 1990 жылы туылған әйел қайтыс болды», - деп жазады автор.
Ақпаратты Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы растады. Әйелдің екі аптадан астам уақыт бойы емделгенін мәлімдеді.
«Науқас 15 күн бойы қарқынды терапия бөлімінде болды, жағдайы тұрақты, жақсы еді. Бірақ босану кезінде қан кетуден халі қиындады, оған күрделі операциялар жасалды. Кенеттен жүрегі тоқтап қалды, дәрігерлердің күш салып, өмірін сақтау әрекеттері сәтсіз болды. Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр, қайтыс болудың ықтимал себебі - тромбоэмболия болуы мүмкін», - деп хабарлады денсаулық сақтау қызметінің баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!