Қара теңізде кеме өртеніп, 11 адам қаза тапты
Қара теңіздегі Керчь бұғазы аумағында Танзания жалауы астындағы екі кеме өртеніп жатыр.
10:15 22.01.2019
Алдын ала болжамға қарағанда, олардың біреуінде жарылыс болған. Новороссийск теңіз құтқару-үйлесіру орталығы оқыс оқиға салдарынан 11 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Тағы жеті адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Төтенше қызметтегі дереккөздің айтуынша, кем дегенде 11 адам ажал құшқан.
Сондай-ақ Росморречфлот, «Кандий» кемесінде 17 адам болған, оның жетеуі - Түркияның, сегізі Үндістанның азаматтары. Ал екінші «Маэстро» кемесінде 14 адам, жетеуі -Түркия және жетеуі Үндістан азаматтары. Өрт бір кемеден екіншісіне сұйық отынды берген кезде техникалық қауіпсіздікті сақтамаудан шығуы мүмкін, деп мәлім етті жедел қызметтегі дереккөз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!