101 жастағы аңшы бір оқпен екі бұғыны атып алды
Аңшылықтан қайтқан әйел, оны қуырып, көп бөлігін немерелеріне берген.
11:04 22.01.2019
101 жастағы аңшы бір оқпен екі бұғыны атып алды. Аң аулауға шыққан АҚШ-тағы Моргантаун қаласының 101 жастағы тұрғыны бір оқпен екі бұғыны атып алды. Берта Викерс туыстары алдын ала дайындаған панаға жасырынған. Оның көзіне жас бұғы таяп көрінген. Бірақ егде жаастағы аңшы оны атпай өзге ірілеуін күткен.
Ал көз алдында үлкен бұғы көріне бергенде шүріппені басып қалады. Артынша қараса, жерде бір емес екі бұғының жатқанын көреді. Американдық әйелдің айтуынша, аңшылықтан соң, оны қуырып, немерелеріне берген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!