Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі болды
6.0 магнитудалық жер сілкінісінің эпицентрі Раба қаласының 219 км оңтүстігінде Сумбава аралында орналасқан.
11:45 22.01.2019
Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі болды. АҚШ Геологиялық қызметінің деректері бойынша, Индонезияның Сумбава аралының оңтүстігіне қарай 6,0 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі орналасқан Раба қаласынан оңтүстікке қарай 219 шақырым Сумбава аралында, 25 км тереңдікте орналасқан.
6.0 магнитудалық жер сілкінісінің эпицентрі Раба қаласының 219 км оңтүстігінде Сумбава аралында орналасқан. Алдын-ала мәліметтер бойынша, жер сілкінісі нәтижесінде жарақаттанғандар немесе қираған ғимараттар жоқ. Цунами қаупі жоқ деп жарияланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!