{metadescription}
Петропавлда алабай иесін қауып алды

Петропавлда алабай иесін қауып алды

Полицейлер қожайындарына шабуылдаған алабай итін атып тастауға мәжбүр болды.

Полиция департаментінің мәліметінше, ит 68 жастағы қожайынын тістеген. Ер адам жарақаттанған. Ит оны бірнеше жерінен тістеп, жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді.

Белгілі болғандай, алабай вольердің ішінде тұратын болған, ал түнде иелері оны аулаға босатып жүрген. Оқиға болған күні таңертең әйел адам итті вольерге кіргізе алмай қойған. Ит әйелге көнбегесін, дереу көмектесуді жөн көрген ер адамды да тістеп алған. Әйел полиция шақыртқан.

«Үй иелерінің көршілері тәртіп сақшылары келіп жеткенше иесін тістеп жатқан итті шарбақтың ар жағынан алдауға тырысты. Алайда, ит иелерін жібермеді. Оқиға орнына келіп жеткен Петропавл патрултьдік полиция батальонының қызметкерлері табельдік қаруды қолдануына тура келген», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қала тұрғынының шағымдану фактісі бойынша деректер жиналып, тексеріс қорытындылары бойынша шешім қабылданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде