{metadescription}

Жағажай киімімен тауға шығатын әйел үсіп өлді

Ғаламторда жағажай киімімен тауда қыдырып, танылып жүрген Тайбэй тұрғыны У Цзиюнь Тайваньдағы "Юйшань" ұлттық қорығында көз жұмды.

Белгілі болғандай, 36 жастағы әйел өзімен бірге жерсеріктік телефонын алып жүрген. Ол құтқарушыларға хабарласып, 20 метрлік биіктіктен құлап кеткенін хабарлаған.

Алайда ауа райының қолайсыздығынан тікұшақ ұша алмай, құтқарушылар жаяу баруға мәжбүр болған. Алдын ала болжам бойынша, әйел сайда 40 сағаттан астам уақыт жатып қалып, үсіп қайтыс болыпты. Жергілікті билік өкілдері бойжеткеннің биіктігі 3592 метр Юйшань тауына көтерілуге рұқсаты болмағанын айтады. Алайда арудың дәл қай нүктеге бағыт алғаны белгісіз.

У Цзиюнь кәсіби альпинист болмаған. Ол берген сұхбаттарының бірінде бәстен жеңіліп қалғаннан кейін осындай хоббиі пайда болғанын айтқан. Шарт бойынша әйел тауға шығып, купальникпен суретке түсуі тиіс болыпты. Төрт жылда марқұм 100-ден аса тауға шығып, жағажай киімімен 97 мәрте суретке түскен.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.