50 вагон астық жанып кетті
Канадада Саскачеван провинциясында локомотив пен тауарлы пойыздың онға жуық вагоны рельстен шығып кетті.
08:19 23.01.2019
Оқиға Саскатун қаласынан солтүстікке қарай теміржол өткеліде болған. Рельстен шығып кеткен локомотив пен бірнеше вагон жанармайдың ағуы салдарынан отқа оранған. Canadian National Railway компаниясының хабарлауынша, ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл пойыз құрамындағы 50 вагонға астық тиелген.
Апатқа байланысты теміржолды кесіп өтетін шоссе жабылды. Тілсіз жауды ауыздықтауға бірнеше өрт сөндірушілер құрамы жұмылдырылды. Пойыз құрамының рельстен не себепті шығып кеткені айтылмай отыр. Тергеу басталды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!