{metadescription}

Мас тәртіп сақшысы жантүршігерлік жол апатын жасады

Апат салдарынан әйел адам көз жұмды.

Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Қырғызстанда Mercedes-Benz пен Toyota Avensis көліктері соқтығысып, бір адам қаза болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушілердің бірі – милиционер мас болған. Toyota Avensis-тің 34 жастағы жолаушысы сол жерде жан тапсырды. Кәгерлердің айтуынша, әйел жүкті болған. Сондай-ақ Mercedes-Benz көлігінің  жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. 

Видеода оқиға орнында болғандардың бірі Mercedes-тің жүргізушісі мен жолаушысы мас болғанын айтады.Бішкектің Жол қозғалысы қоғамдық қауіпсіздігі басқармасының баспасөз қызметі жүргізушілердің бірі  милиционер болып жұмыс істейтінін растады.  

"Mercedes-Benz маркалы автокөліктің жүргізушісі Октябрь ауданы ІІБ-нің 26 жастағы қызметкері болып шықты. Ол жолаушымен бірге аурухана жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша,  Mercedes жолдың қарсы бетіне шығып кеткен", — деді басқармадағылар. 

Жол апаты дерегі бойынша барлық материал тергеу бөліміне берілді. Қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.   

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде