Белгілі әнші сахнада ән салып тұрғанда қайтыс болды
Татарстандық танымал әнші Фания Халиуллова концерт кезінде тура сахнада көз жұмды.
13:48 23.01.2019
«Карлыгач» және «Неугасимые звезды» музыкалық ансамбльдерінің басқарушысы сахнада тұрған кезінде кенеттен жағдайы нашарлап кеткен. 53 жастағы әнші аяқ астынан есінен танып, құлап қалды. Оқиға орнына дәрігерлер жетіп, әртіске көмек көрсеткенімен, оны құтқарып қала алмаған.
Алдын ала нұсқа бойынша, ол жүрегі тоқтап қалып қайтыс болған. Залда болған көрермендердің бірі әртістің жағдайы нашарлаған сәтті видеоға түсіріп алған. Фания Халиуллова педагог және музыкалық қызметтен бөлек, татарстандық ұлттық мерекелердің жүргізушісі ретінде де танымал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!