{metadescription}

Нұрсұлтан Назарбаев ерікті студенттердің шәкіртақысын көбейтуді тапсырды

Қазақстанда ерікті студенттердің шәкіртақысы көбейеді.

Назарбаев ерікті іспен айналысу жастардың еңбек нарығына тез бейімделіп, өз-өзін жетілдіруіне септігін тигізетінін атап өтті.

«Халықаралық бағалау бойынша, әлемнің ірі 300 компаниясының қызметкерлерінің үштен бірі апта сайын жұмыс күнінің бір сағатын ерікті іске жұмсайды екен. Ал біз бұл туралы ойлаған да жоқпыз. Мұнымен арнайы жұмыс істеу керек», – деді президент. 

Қамқорлықпен айналысатын ерікті студенттердің шәкіртақысы артады, елбас биыл осындай тапсырма берді.

«Үкімет ерікті іспен айналысатын жоғары оқу орындары студенттерінің шәкіртақысын көбейту бойынша жұмыс істеуі керек. Шамамен 30 процентке. Бұл студенттер үшін әжептәуір көмек және халыққа да пайдалы», – деді Елбасы. 

Сондай-ақ, мемлекет басшысы жоғары білімнің қолжетімділігіне де тоқталды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда 2,8 млн адам жоғары білім алды. 1991 жылы елде 42 мың жоғары білімді болса, 2018 жылы 151 мың адамға жетті.

«Біз жалпы жоғары білімді халық екенімізді мақтан етеміз. 2018-2019 жылдарға арналған “Бес әлеуметтік бастама” жобасын бойынша қосымша 20 мың грант берілгенін білетін шығарсыздар. 2022 жылдың соңына дейін жатақханаға 70 мың орын салуды көздеп отырмыз. Үкімет еріктілермен жұмыс істейтін студенттердің шәкіртақысын көтеруді қолға алу керек. Шамамен 30 пайызға көтеруге болады», – дейді елбасы Жастар жылы салтанатты шарасының ашылуы кезінде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде