Қостанай облысында полицей парадан бас тартты
Пара бермекші болған 28 жастағы жүргізуші ұсталды.
16:38 23.01.2019
Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Алтынбек Сүйіншәлиев мәлімдегендей, полиция қызметкері Гагарин көшесінде Volkswagen көлігін тоқтатқан. Көлікте нөмір болмаған, ал рөлдегі ер адам жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты.
Құқықбұзушы жауапкершіліктен қашу үшін тәртіп сақшысына 10 мың теңге пара ұсынған. Полицей ақшадан бас тартып, болған жайтты қауіпсіздік басқармасына хабарлады. Ведомство қызметкерлері оқиға орнына келіп, пара ұсынған ер адамды ұстап, ақша тәркіленген.
10 мың теңгеден бас тартқан офицердің өзі басқаша істей алмайтынын айтты. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 367-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!