Дәрігер өлім аузында жатқан науқастың өмірін ұзартқаны үшін айыпталды
Альцгеймер ауруынан көз жұмған азаматтың отбасы дәрігерін сотқа берді.
17:05 23.01.2019
Дәрігер науқасқатағы біраз өмір сүру үшін екпе салған. Нью-Йорк тұрғыны Джеральд Гринберг ауруы жайлы 2010 жылы біледі. Бір жылдан соң 63 жасында жағдайы нашарлап кеткен жағдайда тамырын сұйықтық салмауын, екпе салмауын сұрап өтініш жазады, деп хабарлады stan.kz.
2016 жылы ауруы асқына бастағанда әйелі мен баласын танымай бара жатты. Қараша айында ауруханаға жетізіліп, оның емімен дәрігер Диего Эскобар айналысты. Науқастың отбасына оның ақылы мен физикалық тұрғыда қайта қалпына келуі мүмкін емес екенін айтты. Сондықтан отбасы оның көз жұмғаны жақсы шығар деп шешті. Сондықтан өтініштің көшірмесін дәрігерлерге ұстатты.
Алайда науқастың өтінішіне қарамай дәрігер оның тамырына екпе салды. Бастапқыда науқас 4 күннен артық өмір сүрмейтін шығар деп ойлады, бірақ ол 1 айға дейін өмір сүрді. Науқастың өтінішін орындамағаны үшін жақындары дәрігерді сотқа берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!