Ақтауда құрылыс кезінде жұмысшы қаза болды
Ақтауда 23 қаңтар күні құрылыс кезінде ер адам биіктіктен құлап көз жұмды.
01:05 24.01.2019
Жұмысшы Өзбекстан азаматы болып шықты. 17-шағынауданында «Махаббат» тұрғын үй кешені аймағында жүргізіліп жатқан құрылыс кезінде төтенше жағдай болып, жұмысшы биіктіктен құлап кеткен.
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқрамасының мәліметінше, жұмысшы оқиға орнына жедел жәрдем жеткенше қайтыс болып кеткен.
«Жедел жәрдем хабарлама түскеннен 2 минуттан соң оқиға орнына жеткен. Алайда, медициналық қызметкерлері жеткенше көз жұмған», – дейді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!