Қырғыз шекарасында атыс болып, қазақстандық қаза тапты
23 қаңтарда Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында оқ атылып, бір адам мерт болды.
08:18 24.01.2019
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған оқиғаға қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров түсініктеме берді
«Қазақстандық дипломаттар Қырғызстан тарапынан оқиғаның мән-жайы туралы толық ақпаратқа ресми түрде сұрау салынды. Біздің елшілік тарапынан оқиғаның барлық егжей-тегжейін анықталғаннан кейін тиісті шаралар, соның ішінде құжаттарды рәсімдеу және марқұмның денесін отанына алдыру жұмыстары жасалатын болады», -деді Айбек Смадияров.
2019 жылдың 23 қаңтарында Тараз шекара отрядының «Жас өркен» шекара заставасына қарсы участікте Қырғыз Республикасының шекарашылары Қырғызстаннан Қазақстанға 10 жылқы айдап әкетпек болған 3 шекара бұзушыны ұстауға тырысқан. Оқиға барысында құқық бұзушылар суық қару қолдану арқылы қарсылық танытқан. Осы жағдайда қырғыз шекарашылары қару қолданған. Қару қолдану кезінде құқық бұзушылардың бірі жарақат алған. Қалған екі белгісіз адам аттармен бірге Қазақстан Республикасының аумағында жасырынған.
Сағат 12.15-те жарақат алған шекара бұзушы (Қазақстан Республикасының азаматы, тергеу мүддесі үшін ол туралы мәлімет жарияланбайды) Талас ауруханасына апарар жолда көз жұмды. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қырғызстанның шекара және консулдық қызметтері тиісті шараларды жүргізуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!