Белгісіз біреу банкке шабуыл жасап, 5 адам мерт болды
АҚШ-та сәрсенбі күні Себринг қаласындағы (штат Флорида) Suntrus банкінің бөлімшесіне белгісіз біреу шабуыл жасады.
09:26 24.01.2019
Қаскүнем банкте оқ жаудырып, бірнеше адамды кепілге алған кезде кем дегенде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Құқық қорғау органдарының мәліметтеріне қарағанда, бірнеше адам жараланған. Кімнің мерт болғаны немесе зардап шеккені әзірге анықтала қойған жоқ. Күдікті ұсталды.
Бұдан бұрын банк бөлімшесінде алдымен адамдарды кепілге алып, артынша тәртіп сақшыларының берілу туралы талабынан бас тартып оқ жаудырған адамды полицияның ұстағандығы хабарланған болатын.
Сондай-ақ ғимаратқа шабуыл кезінде кепілге алынғандардың бірнешеуі зардап шеккені айтылған еді. Оқыс оқиғаға байланысты тергеу басталды. Алдын ала болжам бойынша, қаскөй банкті тонауға әрекеттенген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!