Ер адам ұялы телефон көмегімен арам ойын іске асырған
Әйел адамға білдірмей арам ойын іске асырған азғын видеоға түсіп қалды.
11:02 24.01.2019
Сингапурде ер адамның ұялы телефонын пайдаланып, әйелдің етегінің астына қараған сәті көліктің видеотіркегішіне түсіп қалды, деп хабарлайды Stomp ақпараттық порталы. Көлік тұрағында болған оқиғаны Stomp қызметкері көріп қалыпты. Ол көлігінде телефонмен сөйлесіп отырғанда, алдынан үш адам өте шығады. Байқаса, ерлердің бірі қысқа белдемше киген әйелдің етегінің астына телефон арқылы қарап тұр екен.
Видеотіркегішке түскен роликте, ер адам сәл тізесін бүгіп, әйелге білдіртпей, ұялы телефонға ұқсас затты етегінің астына тығып жатыр. Әрі қарай азғын нәзік жандының соңынан қалмай, аяғына камераның жарығын түсіреді. Куәгердің айтуынша, оқиға тым тез болғандықтан, әуелі дұрыс түсіндім бе деп күдіктеніпті.
"Видеотіркегіштегі роликті көрген соң ғана анық көзім жетті", — дейді ол.
Ер адам сол күні полицияға хабар берген екен.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!