ҚХЛ матчінде төрешінің аяғы екі жерден сынып кетті
42 жастағы төреші ойынның үшінші минутында жарақат алған.
12:17 24.01.2019
Құрлықтық хоккей лигасында "Витязь" және "Торпедо" арасында өтіп жатқан ойында төрешінің сол аяғы екі жерден сынып кеткен. 42 жастағы төреші ойынның үшінші минутында жарақат алған. Ол Мәскеу облысы Подольск қаласының намысын қорғап жүрген фин хоккейшісі Миро Аалтоненмен соқтығысқан.
Орбиторды мұз айдынына зембілмен алып шығып, Подольск ауруханасына алып кетті. Ойын ары қарай тек бір бас төрешімен жалғасып, 6:0 есебімен қонақтардың (Торпедо) пайдасына шешілді.
Дереккөз: vesti.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!