Алматы облысында сарбаз өзін атып өлтірді
Алматы облысы Ұзынағаш елді мекенінде ұлттық ұлан әскери қызметшісі әскери бөлімде басына оқ атты.
14:50 24.01.2019
"2018 жылы маусымда Астанада қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті шақыртқан қатардағы жауынгер Қожан Ұласбек 2019 жылы 23 қаңтарда шамамен сағат 01:35-те өзіне берілген қарудан басына оқ атқан. Алған жарақатынан ол қайтыс болды", - деп мәлімдеді ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Сарбаз қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуге 2018 жылдың маусымында Астана қаласынан шақыртылған. Өңірлік қолбасшылық қазір бұл факті тіркеліп, әскери тергеу басқармасы сарбаздың "өз-өзін ату" себептерін анықтап жатқанын айтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!