Венесуэла халқы жаппай көтеріліске шықты, қаза тапқандар бар
Венесуэлада билік ауыстыруға қатысты жаппай наразылық пен тәртіп бұзушылықтар орын алып жатыр.
15:29 24.01.2019
Елдегі наразылықтардың жаңа толқыны бірнеше күн бұрын Қорғаныс министрлігі Каракастағы әскери бүліктің сәтсіздігі туралы айтқан соң басталды. Қақтығыстар салдарынан кемінде 16 адам қаза тапты.
Каракас, Валенсия, Сан-Кристобаль және мемлекеттің басқа да үлкен қалаларында мыңдаған адам көшеге шыты. Тұрғындары Мадуроның орнынан кетуін талап етіп, өзін өзі президентпін деп жариялап алған, оппозиция лидері Хуан Гуайдоның қолдады.
21 қаңтарда Хуан Гуайдо өзін Венесуэланың уақытша президенті ретінде жариялап, ант берген еді. Ол сайлаудың еркін өтуі үшін қарулы күштердің көмегімен мемлекет басшысының міндеттерін атқаратынын мәлімдеді. Оның өкілеттілігін АҚШ президенті Дональд Трамп, сонымен қатар Аргентина, Канада, Перу, Колумбия және басқа да мемлекеттердің билігі мойындады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!