{metadescription}
0:000:00

Тұңғыш рет ұшқышсыз әуе таксиі аспанға ұшты

Электр қуатымен жұмыс істейді, автономиялық ұшу қашықтығы 80 шақырымға дейін жетеді.

Америкалық Boeing компаниясы ұшқышсыз әуе таксиін сынақтан өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс. Бейнежазба компанияның Twitter-парақшасында жарияланды. Сынақ барысында аппарат жерден еш кедергісіз көтеріліп, сәтті қонған.

Әуетакси электр қуатымен жұмыс істейді және оның автономиялық ұшу қашықтығы 80 шақырымға дейін жетеді. Ұзындығы 9 метр, ал ені – 8,5 метр. Техникалық аппараттың басқа сиппатамалары туралы мәлімет жоқ әзірге. Компания әлі де сынақты жалғыстырып, таксидің ұшу қауіпсіздігі мен тікелей ұшу режимін жетілдіруді көздеп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде