{metadescription}
Ақтөбеде 2 баланың анасы түсік тастаған соң көз жұмды

Ақтөбеде 2 баланың анасы түсік тастаған соң көз жұмды

Ақтөбеде 2 және 3 жасар баланың анасы жансақтау бөлімінде бірнеше апта жатып қайтыс болып кетті.

Ал 26 жастағы әйелдің туыстары науқасқа дұрыс диагноз қоймай, жөнді ем жүргізбеді деп дәрігерлерді кінәлап отыр.  Марқұмның әпкесі Татьяна Пиличтің айтуынша, Иннаның жүктілігіне 6 апта болғанда басы ауырып, ауруханаға түскен. Дәрігерлер оған токсикоз деп диагноз қойған. Кейін аборт жасатқан әйелдің жағдайы одан да нашарлай түскен. 

«Ең бірінші жедел жәрдем шақырғанда. Қалыпты нәрсе, емханаға барыңыздар деп алмай кетті. Екінші рет тағы да жағдайы нашарлады. Сосын ауруханаға апарып, баласын алдыртты. Сонда да жағдайы жақсармады», - дейді әпкесі.

Татьянаның айтуынша, дәрігерлер емделушіге дұрыс көңіл бөлмеген соң туыстары оны ауруханадан шығарып алған. 

«Дәрігерлер әр түрлі диагноз қойып, дұрыс таба алмады. Оның жағдайы күн санап нашарлай бастады. Тіпті, жүріп-тұрудан қалды. 18 желтоқсан күні Инна құлап, комадан бір-ақ шықты. 6 қаңтар күні оның жүрегі тоқтап қалды. Енді артында 2 жасар және 4-ке толатын баласы қалды. Өз аяғымен келген келіншекті жүре алмайтын жағдайға жеткізді», - дейді ол. 

Қазір Иннаның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Дереккөз: sn.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде