Әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті
Шаңғы спортынан Финляндияның Лахти қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті.
11:00 25.01.2019
Сергей Ткаченко тұғырдан секіруден қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. Алтын медальді норвегиялық Томас Маркенг иеленді. Ол 252.1 ұпаймен жалпы есепте көш бастаған болатын. Екінші орында 250.8 ұпай жинаған Германия өкілі Лука Роуз.
Қазақстандық Сергей Ткаченко 248.9 ұпай жинап, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Бұл әлемдік додада Қазақстан спортшылары жеңіп алған алғашқы жүлде екенін айта кеткен жөн. Сергей Ткаченко 19 жастағы спортшы. Бұл оның мансабындағы ең үздік нәтижелердің бірі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!