Атырауда көпірде болған жол апатынан 3 адам мерт болды
25 қаңтар күні Әлиев көшесінің бойындағы көпірде жантүршігерлік жол апаты болды.
13:30 25.01.2019
«25 қаңтар күні түнде Әлиев көшесі бойында орналасқан көпірде жол апаты болды. Қаза болғандар бар. Жол апатынан зардап шеккен басқа адамдар әртүрлі жарақат бойынша облыстық ауруханаға жатқызылды», – дейді куәгерлер.
Полиция да жол апаты болғанын растады. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
«Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі «Автокөлік құралдарын пайдаланатын адамдардың жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы немесе көлік құралдарының жұмысын бұзу» бойынша алдын ала тергеу басталды. Қалған ақпарат жарияланбады», – деп хабарлады полиция бөлімінің баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!