27 жастағы 7 баланың анасы үйлі болды
Астанада өткен жастар жылының ашылу салтанатты шарасы кезінде Елбасы алдында сөз сөйлеген 27 жастағы көпбалалы ана Жазира Тұрғыноваға Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев баспана берді.
14:27 25.01.2019
Облыс басшысы батыр анаға Төле би ауданы Ленгір қаласынан төрт бөлмелі баспананың кілтін табыстаған. Жансейіт Түймебаев жеті баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ананы құттықтап, жүрекжарды тілегін арнады. Өз кезегінде сөз алған Жазира Тұрғынова жанұясының атынан алғыс білдіріп, барлық жас аналарды халық санын көбейтуге шақырды.
Естеріңізге сала кетейік, 27 жастағы көпбалалы Жазира туралы бұдан бұрын жазған болатынбыз. Түркістан облысы Төле би ауданының тұрғыны бүгінде үш қыз, төрт ұл тәрбиелеп отырған ол тұңғышын 18 жасында босанған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!