{metadescription}

Дәретханада өз құрдастарын ұрып-соққан жасөспірімдер анықталды

Әлеуметтік желіде тараған дәретханада ұл баланы соққыға жыққаны туралы видеодағы жасөспірімдер анықталды.

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз хатшысы Алмас Садубаевқа сілтеме жасаған жергілікті БАҚ хабарлады.

«Тергеуге дейінгі тексеру амалдары аясында полиция қызметкері мектеп дәретханасында құрдастарын соққыға жығып, мұның барлығын видеоға түсірген жасөспірімдердің аты-жөндері анықталды. Оқиға осыдан бір жыл бұрын, 2018 жылдың 10 қаңтарында Қызылорда қаласында болған. Сол кезде зардап шеккен оқушының ата-анасынан полицияға шағым түскен жоқ», - деді Алмас Садубаев.

Департамент басшысының айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 293 бабының 2 бөлігінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Аталған бап бас бостандығынан 5 жылға дейін айыруды немесе дәл осы мерзімге бас бостандығын шектеуді көздейді», - деді Алмас Садубаев.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде