Саябақта ер адамды арыстандар талап тстады
Ер адам 7,5 метрлік қоршауға шығып, арыстандарға секіріп түскен.
21:00 25.01.2019
Жігіттің мұндай қадамға неліктен барғаны әзірге белгісіз. Үндістанда туристер ер адамның жантүршігерлік жағдайда өлгеніне куә болды. Оны жабайы табиғат паркінде арыстандар талап тастады.
Трагедия Пенджабтағы сафари паркінде болды. Паркті көлікпен аралап жүрген туристер ер адам арыстандарға 7,5 метрлік қоршаудан секіріп түскенін көрген. Жыртқыштар оған бірден бас салып, мойнынан сүйреп әкеткен. Жантүршігерлік оқиға видеоға түсірілді.
Куәгерлер арыстандарды үркітпек болады, алайда жыртқыштар оған мән бермейді. Парк күзетшісі арыстандарға барып, ер адамның денесін алып шықты. Марқұм неліктен қоршаудан өтіп, арыстандарға тап бергені әзірге хабарланған жоқ.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!