Демалыс күндері 38 градусқа дейін аяз болады
Синоптиктер 26-28 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті.
17:52 25.01.2019
"Қазгидромет" ақпаратынша, 26-28 қаңтар күндері антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде түнде —30…-38 градусқа дейін аяз болады деп болжанып отыр. Ал күндіз сынап бағанасы —18…-27, кей жерлерде —30 градусқа дейін төмендейді. Қазақстанның солтүстік жартысында суық және күшті антициклон және Орталық Азиядағы жылы циклон республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысының тау асуларында жаяу бұрқасын мен шығыс желінің күшеюіне себеп болады.
26 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде бұрқасын болады деп ескертеді. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавлда да 26 қаңтарда бұрқасын болатыны айтылады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!