3 жасар қыз жөргектен күйіп қалып, ауруханаға түсті
Ұлыбританияның 3 жасар тұрғыны София жөргектің салдарынан 3-дәрежедегі күйік жарақатын алған.
01:04 26.01.2019
Барнсли қаласында тұратын 32 жастағы Джемма Фри қызына жаңа жөргек кигізіп, ұйқыға жатқызған. Арада 8 сағат өткеннен кейін ол Софияны балабақшаға апару үшін оятады. Алайда осы кезде жамбасының қызарып тұрғанын байқаған екен. Қыздың терісінің жағдайы «минут сайын нашарлай бастапты».
Қорқып кеткен анасы Софияны бірден ауруханаға алып барады. Айтуынша, қызы 4 күн бойы палатада жалаңаш жатып, дәрігерлердің бақылауында болыпты. Себебі денесіне тиген кез-келген зат ауырсыну сезімін тудырады екен. Нәтижесінде Софияның денесінде күйік салдарынан тыртық қалып қалған.
Осы жылдың 21 қаңтарында The Mirror басылымында Аустралияда 2 жасар бала ұйықтап жатқан кезде, оның астындағы жаялық жарылып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Салдарынан сәбидің денесінде қауіпті заттар қалған. Дәл осы жайттан кейін Фри өз қызының басынан өткен жайт туралы айтуды ұйғарыпты.
Оқиғадан кейін зардап шеккен қыздың анасы Huggies компаниясына хабарласып, шағымданған. Алайда бренд өкілдері болған жағдай үшін жауапкершілікті өз мойнына алудан бас тартып, өнімдерінің адам денсаулығына зияны жоқ екенін мәлімдепті.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!