Промоутері Головкинге жақсы ұсыныстар түскенін мәлімдеді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Сауль Альварес тарапынан жақсы ұсыныс түскенін айтты.
09:30 26.01.2019
Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя Головкиннің промоутеріне хабарласып, ұсыныс айтты.
«Давид Лемье сәтсіз арықтады. Мен Лемье шыққан жекпе жектен соң күндізгі жекпе жек болатынын білгем. Golden Boy мен DAZN бұл идеяны белсенді түрде қолдады. Осыдан кейін ойда жоқта Эрик Гомес хабарласып, Головкин Канеломен Мамыр айында төбелескісі келмей ме деп сұрады. Оның әлі шешім қабылдамағанын, бірақ доспарлап жүргенін айттым. Алдымен оған телеарнаға шығуын реттеуі керек. Одан кейін кіммен шығатынын шешеді. Геннадий жақсы қалыпта. Ол өз тағдырын бақылап жүр Оған жасалған жақсы ұсыныстар бар», – дейді Леффлер.
Геннадий рингке көктемде оралады деп болжануда. Сәуір айында не мамырда шығуы мүмкін, бірақ қарсыласы белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!