Нью-Йоркте қазақстандық қыз ұсталды
Қызға өзін риелтор ретінде таныстырып, жылжымайтын мүлікке алаяқтықпен айналысты деген күдік келтірілді.
11:41 26.01.2019
Нью-Йорк қаласының құқық қорғау органдары қазақстандық қызды алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады. Полиция мәліметіне сүйенсек, 24 жастағы Қазақстан азаматшасы өзін жылжымайтын мүлік бойынша агентпін деп таныстырып, бірнеше адамның ақшасын иемденіп кеткен.
Алаяқтығын іске асыру үшін қыз Facebook желісін пайдаланып, сонда жалған жалдамалы пәтерлердің суретін жариялап, Нью-Йорк тұрғындары арасында хабарландыру таратқан. Осылайша 2018 жылдың сәуірінен шілдесінде дейін қыз риелтормын деп жұртты алдап жүреді, деп хабарлады .
Дәл сол сияқты қылмыстық әрекет жасады деген күдікке ер адам да ілінген. Жергілікті полицияның айтуынша, ол әлі бостандықта жүр. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қазір бұл оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!