Теміртауда әйел қызғаншақ сүйіктісіне пышақ сұғып алды
Игорь Сунцов клиенттеріне бір сағаттың ішінде 7-8 рет қоңырау шалған.
13:34 26.01.2019
Ұялы байланыс операторы Қостанай тұрғыны Игорь Сунцовтың телефонының sim-картасын көп қоңырау шалғаны үшін бұғаттап тастады. 24 қаңтар күні сағат 13.00-ден бастап ер адам өз киленттеріне қоңырау шала бастаған. Алайда сағат 14:00-де оның нөмірі бұғатталыпты. Ертесі күні ер адам компанияның кеңсесіне хабарласып: «Сіз көп қоңырау шаласыз», – деген жауап алған.
Сунцовтың айтуынша, ол бір сағаттың ішінде 7-8 рет қоңырау шалып үлгерген.
«Телефоныңызды 2-3 тәуліктің ішінде қосамыз, сізге қосылғаны туралы СМС келеді деді. Мен қайта шағымданып едім: «Егер тағы жиі қоңырау шалатын болсаңыз, сіздің сим-картаңызды жоямыз» деп ашығын айтты», — дейді қостанайлық.
Колл-орталықтағы мамандар операторға жиі қоңырау шалатын абоненттерді бұғаттайтын жүйе орнатылғанын мәлімдеді. Алайда «жүйе жұмыс істеуі үшін абонент қанша рет қоңырау шалуы керек?» деген журналистердің сұрағына нақты жауап бермеді. Есесіне жиі қоңырау шалған кезде бұғатталып қалмау үшін корпоративтік тарифті таңдап, оны заңды тұлғаға тіркеуге кеңес берді.
Ал Теле2 компаниясының байланыс орталығындағылар жиі қоңырау шалатын абоненттерді бұғаттайтын жүйе орнатылғанын айтты. Алайда жиі қоңырау шалғаны үшін нөмірі бұғатталмауы үшін, ұжымдық тарифті таңдап, оны заңды тұлғаның атына тіркеуге кеңес берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!