Сантехник киімін киген кісі зейнеткерді тонап кетті
Қостанайда 70 жастағы әйелді алдаған алаяқ ұсталды.
12:58 26.01.2019
Зейнеткер полицияға 22 қаңтар күні өзін сантехниктің тонап кеткені туралы арыз жазған. Ер адам жуынатын бөлмедегі құбырды тексеріп, ол оны ауыстыру керектігін айтқан. Сөйтіп затты өзі сатып әкелемін деп зейнеткерден 15 мың теңге алып кетіп, содан қайтып оралмаған.
«Жедел іздестіру барысында Қостанай облысының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұрын да сотталған. Күдікті өзінің сантехник емес екенін айтып, кінәсін мойындады. Сондай-ақ, оның тұрғылықты мекен-жайы жоқ екені анықталды», - дейді Қостанай Полиция басқармасының криминалды бөлімі басшысының орынбасары Ахтан Макеев.
Полиция күдікті осыған ұқсас басқа да қылмыс жасауы мүмкін деген болжам жасады. Олар тұрғындарға пәтерге белгісіз сантехник келгенде қырағы болуды ескертті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!