Ер адам жиі қоңырау шалғаны үшін, оператор sim-картасын бұғаттап тастаған
Қостанай тұрғыны Игорь Сунцов көп қоңырау шалғаны үшін, ұялы байланыс операторы ұялы телефонының sim-картасын бұғаттап тастаған.
14:07 26.01.2019
24 желтоқсанда сағат 13:00-де ер адам өз клиенттеріне қоңырау шала бастаған. Алайда сағат 14:00-де оның нөмірі бұғатталыпты. Ертесі күні ер адам компанияның кеңсесіне хабарласып: «Сіз көп қоңырау шаласыз», – деген жауап алған. Сунцовтың сөзінше, ол бір сағаттың ішінде 7-8 рет қоңырау шалған, деп жазады stan.kz.
«Мен шағымдана бастадым. Менеджер: «Біз телефоныңызды 2-3 тәуліктің ішінде қосамыз. Сізге қосылғаны туралы хабарлама келеді» , – деді. Осы кезде тағы да ашуланып, шағымдандым. Сол кезде оператор егер тағы жиі қоңырау шала берсем, sim-картамды жоятынын ескертті», – дейді Сунцов.
Ал Теле2 компаниясының байланыс орталығындағылар жиі қоңырау шалатын абоненттерді бұғаттайтын жүйе орнатылғанын айтты. Десе де sim-карта бұғатталмауы үшін неше рет қоңырау шалуға болатыны туралы сұраққа нақты жауап бере алмады. Алайда жиі қоңырау шалғаны үшін нөмірі бұғатталмауы үшін, ұжымдық тарифті таңдап, оны заңды тұлғаның атына тіркеуге кеңес берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!