{metadescription}

Үндістандық ұшақ Назарбаев әуежайында шұғыл қонуға мәжбүр болды

Air India әуекомпаниясының Boeing 777 жолаушылар ұшағы Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайға шұғыл қонды.

Әке кемесі Дели — Чикаго бағыты бойынша қозғалған екен. Белгілі болғандай, борттағы демікпен ауыратын жолаушының жағдайы аяқ астынан нашарлап кеткен. Сондықтан ұшқыш Астана уақыты бойынша сағат 07:30-да шұғыл түрде қонуға мәжбүр болыпты.

Әйел қаладағы №2 ауруханаға жеткізілді. Оның жанында туыстары болған. Ұшақ бортында 341 жолаушы мен экипаждың 19 мүшесі болған екен. Әуежайда ұшаққа қажетті қызметтердің бәрі көрсетіліп, жанармай құйылып, техникалық бақылаудан өтті.

Ұшақ 5 сағаттан кейні Астанадан Чикагоға ұшып шықты.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде