Филиппинде шіркеуде жарылыс болып, 19 адам қаза тапты
Филиппиннің оңтүстігіндегі шіркеуде жарылыс құрбандарының саны 19 адамға дейін өсті.
11:04 27.01.2019
Филиппинде екі жарылыс салдарынан кем дегенде 19 адам қаза тапты, деп хабарлайды Associated Press. Оқыс оқиға Сулу провинциясының оңтүстігіндегі Холо аралында болған. Әзірге жарылыс жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ.
Бір жарылғыш құрылғы таңертеңгілік месса кезінде Холо аралындағы католик шіркеуінің жанынан, екіншісі собордың жанында жарылған. Филиппиннің оңтүстігіндегі шіркеуде жарылыс құрбандарының саны 19 адамға, жарақат алғандар 48 адамға жеткен. Полиция бұл өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!