Қазақстандық 20 жастағы боксшы қарсыласын нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атанды
Қазақстандық спортшы жетінші жекпе-жегін де мерзімнен бұрын аяқтады.
14:03 27.01.2019
Қазақстандық 20 жастағы боксшы Садриддин Ахмедов (7-0, 7КО) WBC нұсқасы бойынша жастар арасында бірінші орта салмақта әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
20 жастағы қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі жетінші кездесуін өткізді. Астана тумасы кәсіпқой бокс рингінде бірде-бір рет жеңілмей келе жатыр.Оның қарсыласы мексикалық Абрахам Хуарес болды. Бұл жекпе-жек он раундқа жоспарланды. Жеңіске жеткен адам WBC нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы «жастар» әлем чемпионы белбеуін иеленетін-ді.
Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino ойын-сауық орталығында өткен жекпе-жекте Ахмедов Мексика боксшысы Абрахам Хуаресті (13-2, 5 КО) төртінші раундта уақытынан бұрын жеңді. Төрешіге кездесуді тоқтатуға тура келді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!