Қарағандыда 11 жасар баланы жабылып ұрып-соққан
Қарағандыда белгісіз жасөспірімдер пиццерияда орын бермеген, 11 жасар баланы жабылып соққыға жыққан.
15:47 27.01.2019
Оқиға туралы жәбірленген баланың анасы айтып берген.
«Менің ұлым 11-де, ол достарымен пицерияда түскі асын ішпекші болған. Олар төртеу еді. Сол сәтте оларға 6-7 бала келіп, менің ұлымнан орын беруді талап етіпті. Ұлым достарының жанында үлкенірек көрінеді. Сөйтіп, оны «семіз» деп мазақтаған. Балам олардың талабын орындаудан бас тартыпты. Бұзақылар болса оны далаға мәселені сыртта шешуге ұсыныс айтады. Сөйтіп, сыртқа шыққанда ұлым уақыты жоқ екенін айтып, төбелесуден бас тартыпты, оны бәрі жабылып соққыға жығыпты. Ал, баламның достары кішкентай болғандықтан араласа алмағандарын айтып отыр», - дейді әйел.
Төбелес бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Видеокадрлардан бір балаға бірнеше адамның жабылып ұрып-соққанын анық көруге болады. Қазіргі таңда бала үйінде жатыр. Оның денесіне ауыр зақым келмеген және еш жері сынбаған. Тек түні бойы көз ілмеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!