Алматы маңында қарт адамды көлік қағып өлтірді
Жаяу жүргінші сол жерде көз жұмды, полиция қызметкерлері оның кім екенін анықтап жатыр.
16:36 27.01.2019
Бір адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы Гүлдала ауылына жетпей Құлжа даңғыл жолында болды. Audi-100 автомобилі солтүстік бағытта жүріп келе жатқан. Жол-көлік оқиғасында жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған қарт адам ажал құшты.
Жаяу жүргінші жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. Дәл қазір оқиға болған жерде полиция қызметкерлері, криминалистер және анықтаушылар жұмыс істеп жатыр. Полиция қызметкерлері өз кезектерінде марқұмның кім екенін анықтау шараларын жүргізіп жатыр.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!