БҚО-да бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 28 қаңтар күні өңірдің кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, тұман түсіп, көктайғақ болады.
17:22 27.01.2019
Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Орал қаласында да ауа райы бұзылады. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті тұрғындар арасында төтенше оқиғаларды болдырмау мақсатында ескерту жариялады. Биыл облыста қар ерекше мол түсті.
Мысалы, Оралда соңғы 35 жылда мұндай жағдай 1987 жылы орын алып, қардың биіктігі 55 сантиметр болған еді. Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, қаңтардың өзінде қардың қалыңдығы 60 сантиметрге жетті. 1-25 қаңтарда Оралда 33,6 мм қар түсті, бұл айлық нормадан (28 мм) әлдеқайда артық.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!