{metadescription}
Дамба жарылып, 150 адам жоғалып кетті

Дамба жарылып, 150 адам жоғалып кетті

Бразилияда дамба жарылып, 150 адам із-түзсіз кетті.

Оқиға елдің оңтүстік-батысындағы Минас-Жейрас штатында болды. Дамба темір өндіретін шахтаның маңында орналасқан және онда қазбалардың қалдықтарына қажет су жиналатын. Осы кезде тек 1 адамның ғана мерт болғаны белгілі. Алайда қайғылы жағдай болған штаттың губернаторы құрбан болғандар саны көп болуы ықтимал екендігін айтады.

Құтқарушылардың айтуынша, аман қалғандарды құтқару мүмкіндігі өте аз. Қайғылы оқиғаға байланысты Бразилияның жаңа сайланған президенті Жаир Болсонару көңіл айтты. Ол құтқару жұмыстарын үйлестіретін арнайы дағдарыс штабын құру жөнінде тапсырма берді.

Айта кетейік, Бразилияда мұндай қайғылы жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. 2015 жылы осы Минас-Жейрас штатында металлургия өнеркәсібінің қалдықтарынан жиналған су тосатын екі дамба жарылды. Ол кезде 600 адам тұрып жатқан аймақты су шайып кетті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.