Жарылыс салдарынан бірнеше үй қирап қалды
Гаагада жарылыс нәтижесінде үш үй қираған.
09:51 28.01.2019
RTL News ақпараттық порталының мәліметінше, жарылыс Нидерландының батысындағы Гаагада болған. Нәтижесінде үш үй қирап қалған.
Қиранды астында адамдар болуы мүмкін, әзірге олардың саны белгісіз. Жергілікті өрт сөндіру қызметі өкілдерінің алдын ала болжамы бойынша жарылысқа газдың шығуы себеп болған.
Айта кетйік бұған дейін, Бразилияда дамба жарылып, 150 адам із-түзсіз кетті. Оқиға елдің оңтүстік-батысындағы Минас-Жейрас штатында болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!