Қостанайда ойыншық қоймасы өртеніп кетті
Қостанайда орталық базар маңындағы ойыншық қоймасынан өрт шықты.
10:26 28.01.2019
Оқиға бүгін облыс орталығында болған. Облыстық ТЖД кезекші бөліміне 3 қабатты сауда дүкенінің жанып жатқаны туралы хабар түскен.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 14:41-де жетті. Өрт ғимараттың жертөле қабатындағы ойыншық сақтайтын қоймадан шыққан. Құтқарушылар жеткенше ғимарат әкімшілігі 116 адамды қауіпсіз жерге көшірген», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Шығын көлемі есептелуде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!