Суретші әйел көрпесіне тұрмысқа шығып той жасамақшы
Англияның Эксетера қаласында тұратын 49 жастағы суретші Паскаль Селлик тұрмысқа шықпақ.
14:53 28.01.2019
Алайда оның таңдауы қарсы жыныс өкіліне емес, жансыз затқа түскен. Ол – сүйікті көрпесі. Өз сөзінде Паскаль мұндай таңдау жасауына не себеп болғанын айтып берді.
«Менің көрпем – бұл менімен болған ең ұзақ, сенімді, жақын қарым-қатынас», – дейді Паскаль Селлик.
Суретші Әулие Валентин күнінің қарсаңында ұлан-асыр үйлену тойын жасап, қонақтарды шақырмақ. Тіпті, қандай қалыңдық көйлегін киетінін де ойластырып қойыпты. Ол мамық тәпішке, пүліштен тігілген түнгі көйлек пен халат киіп шығып, ең әдемі әрі ерекше қалыңдық болғысы келеді. Ал «күйеу жігітінің» қандай киім киетіні әзірге белгісіз.
«Өзімнің көрпемді қатты жақсы көретінім соншалықты, маған жылулық сыйлайтын тұрақты серігіммен қиылатын некеме көптеген қонақ куә болғанын қалаймын», – дейді әйел.
Сонымен қатар ол тойы жоғары деңгейде өтуі үшін той ұйымдастырушысын жалдапты. Сондай-ақ, қонақтарға дресс-код туралы ескерткен. Қалыңдықтың талабы бойынша, қонақтардың бәрі пижама, түнде киетін көйлек және тәпішке киіп келуі тиіс. Сонымен қатар жұмсақ ойыншықтарды да ала келуге болады. Суретші үйлену тойы өткеннен кейін 2 айға бал айына аттануды жоспарлап отыр.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!