Директор сабаққа кешіккен оқушыны ұрып, құлағының пердесін жарып жіберді
Прокуратура оқушының анасының өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
08:36 29.01.2019
Өзбекстанда он бірінші сынып оқушысының анасы ұлын мектеп директоры кешіккені үшін соққыға жыққанын мәлімдеді. Бұл туралы оның прокуратураға жазған арызында айтылған.
Оқиға Сурхандария облысының Жарқорған ауданында №4 мектепте болған. Өзбекстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, әйел соққыға жығу салдарынан ұлының құлағының пердесі жарылып кеткенін айтқан.
Жарқорған ауданының прокуратурасы оқушының анасының өтініші бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бас прокуратура бұл істі өз бақылауына алғанын хабарлады.
Дереккөз: sputniknews.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!