{metadescription}

Той болып жатқан қонақүйді көшкін басып қалды

Перуде үйлену тойында жүрген 15 адам қайғылы оқиғаның құрбаны болды.

Елдің оңтүстік-шығысындағы Анды тауларында той өтіп жатқан қонақүйді лай көшкіні басып қалды. Таудан жылжыған тастар көшкіннен қорғайтын қоршауды бұзып өтіп ғимараттың қабырғасын қиратқан. Салдарынан қонақүйдің шатыры  опырыла құлаған. Бұл кезде ғимараттың ішінде 100-ден астам адам жүрген, деп жазады ҚазАқпарат.

Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға кезінде олардың жартысына жуығы құлаған қабырғаның жанында тұрған. 29 адам ауыр жарақаттанды, құтқарушылар оларды үйінділер астынан алып шықты. Көшкін жүруіне аймақта бірнеше апта бойы тоқтамаған жауын-шашын себеп болуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде