«Риддер - Астана» пойызынан есірткі табылды
Күдікті ретінде 20 жастағы жігіт ұсталды
15:56 29.01.2019
«Ауыл - теміржол» бөлімшесінің шекарашылары жолаушылар пойызынан өсімдік тектес зат тапты, деп хабарлайды деп хабарлайды Алтайньюс.
– «Риддер - Астана» бағытындағы №375 жолаушылар пойызы дәретханаларының бірінен жалпы салмағы 20 грамм болатын марихуана табылды, - деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Шекарашылардың қызметтік иті бұл заттың кіміге тиесілі екенін де анықтапты. Күдікті ретінде 20 жастағы жігіт ұсталып отыр.
– Ұсталған азамат «Семей» стансасындағы Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды, - деп түйіндеді баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!